👆 "Күн мен түн" торты
Құрамы:
Ақ қамыр:
2 жұмыртқа;
1 стақан айран;
1,5-2 стақан ұн;
1/3 стақан сұйық май;
1 стақан қант;
1 шай қасық қамыр қопартқышы.
Какао қамыры:
2 жұмыртқа;
1 стақан айран;
1,5-2 стақан ұн;
1/3 стақан сұйық май;
1 стақан қант;
1 шай қасық қамыр қопартқышы;
3-4 ас қасық какао ұнтағы.
Крем:
400г қаймақ;
200 г қойылтылған сүт;
1 стақан қант;
Жұмыртқаны қантпен езіп, миксер көмегімен көпіртіп араластырамыз.
Оған айран, сұйық май қосамыз.
Ұн мен қамыр қопартқышын қосып, миксер көмегімен ұн түйіршіктері қалмайтындай етіп араластырамыз.
Майланған қалыпқа пісіру қағазын төсеп, үстінен қамырды саламыз. Пісіру пешіне 170-200 С-қа 40-50 минутқа қоямыз.
Какао қамырын дәл солай әзірлейміз. Тек соңында какао ұнтағын қосып, оның біркелкі араласқанына көз жеткіземіз.
Дәл ақ қамыр сияқты пісіреміз.
Ақ қамырды пышақ және жіп көмегімен ортасынан екіге бөлеміз.
Какао бәлішін де дәл солай.
Крем дайындаймыз. Қойылтылған сүт пен қаймақты миксер көмегімен қант толық ерігеніне дейін араластырамыз.
Ақ пен какао бәліштерін бірінен кейін бірін, арасына кремді молынан жағып қоямыз. Крем сіңуіне уақыт беріңіз.
Үстін қалауыңыз бойынша сәндеңіз. Біз ұсақталған печенье ұнтағымен әрледік.
Торт дайын! Асыңыз дәмді болсын!